CAREWIB в Центральной Азии

Национальные информационные системы

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Декларациялар

E-mail Печать PDF

21 ғасырдың басында адамзат оның тұрақты дамуына кедергі келтіретін, олардың бірі Арал теңізі бассейнінің дағдарысы болып табылатын күрделі экологиялық мәселелерге тап болды.
Арал дағдарысының арты Орталық Азия тұрғындарының өмір сүру сапасына кері әсерін беруде,әлеуметтік қорғау және таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері өршелене түсті.
Орталық Азия мемлекеттері халықаралық ұйымдармен біріге отырып, үлкен көңіл бөлуде және Арал теңізі бассейнінде экологиялық және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу мен аймақтағы жағдайды жақсарту үшін белгілі бір талпыныстар жасауда.
Арал дағдарысының кері әсерін тоқтату мен болдырмау мақсатында Орталық Азия мемлекеттерінің Басшыларымен 1993 жылы Аралды құтқару халықаралық қоры құрылды.
Аралды құтқару халықаралық қоры құрылғаннан бері Орталық Азия Басшыларымен Арал теңізі бассейнінде экологиялық және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу мен аймақтағы жағдайды жақсарту мақсатында Нукус (1995ж.), Алматы (1997ж.), Ашхабад (1999ж.), Душанбе (2002ж.) Декларациялары қабылданды.

Нүкүс декларациясы


Сөз басы

Ғасырдан ғасырға Орталық Азия аймағының халқы дүниежүзілік мәдениеттің дамуына салмақты үлес қосқан. Барлық адамзаттың игілігі болып олардың ғылымдағы, шаруашылық қызметтегі және өнердегі жетістіктері болып табылды. Олар ежелгі уақыттан бері күрделі ирригациялық жүйені және құрылғыларды салуды, шөлді далада көгал жасауды үйренген. Олардың еңбегімен осы күнге дейін қайталанбас сәулет өнерінің үлгілері тұрғызылған. Олардың дарындыларымен математикада, астрономияда, медицинада, инженерлікте негізін қалаушылық жаңа ашылулар орындалды, алайда соңғы уақытта аймақтағы тұрғындар алдында ауыспалы кезеңдегі экологиялық апатпен және тереңдетілген саяси, экономикалық қиындықтармен байланысты маңызды мәселелер тұрды. Арал дағдарысы қоршаған ортаға және табиғи ресурстарды пайдалануға қатысты ойланбай істелінген саясаттың нәтижесі болып табылады. Негізгі себептерінің бірі, ол Әмудария және Сырдария өзендерінен суландыру мақсатына шектен тыс суды шығындау. Бұл Арал теңізінің тартылуына және Орталық Азия аймағы мен көршілес мемлекеттердің экологиясына теңдессіз әсер ету көлеміне әкелді.
Судың тапшылығының өсуі мен оның сапасының төмендеуі, өзімен бірге топырақтың және өсімдік жамылғыларының азуына, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің өзгеруіне, балық өндеу саласының құлдырауына, сонымен қатар суармалы жерлер тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқты. Экологиялық жағдайдың күрделенуі Арал теңізі бассейніндегі 35 миллион тұрғынының өмір сүру сапасына, олардың денсаулығына тура және қосалқы кері әсер етеді, шаруашылық қызметін бұзады, осының барлық жиынтығы осы аймақтағы көші-қон процестердің күшейуіне әкелді.
Қазіргі уақытта аймақтық ұйымдар құрылған, нақты істердің жоспары әзірленген. Бұл ерекше Арал теңізі бағдарламасы бойынша халықаралық қолдауларды қарату үшін жаңа жолдар ашты. Ол аталған жоспармен негізделеді және осы аймақтың тұрақты дамуына бағытталған. Су ресурстарына байланысты мәселенің көлемі мен күрделілігі кешенді және көпсалалық көзқарасты, аймақтағы мемлекеттер мен халықаралық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты дамытуды қажет етеді. Ынтымақтастық үйлесімдігі Дүниежүзілік Банкімен, ПРООН-мен және ЮНЕП-пен жүзеге асырылады. Донорлар мәселелерді шешуге бағытталған Арал теңізі бойынша бағдарламаларға, сонымен бірге Арал дағдарысы салдарын шеттетуге едәуір қолдау көрсетуде.

Міндеттемелер

Жоғарыдағы айтылғандарға және осы халықаралық конференцияда талқыланғандар нәтижесіне сәйкес өзара сыйластықтың, тату-көршілік қарым-қатынастар мен Арал теңізі алқабының зонасындағы дағдарыстың экологиялық кесірі мен оның табиғатқа және адамзатқа әсерін жеңіп шығу мақсатында келешекте жұмыс істеуде табандылығы негізінде аймақтық дәрежедегі толыққанды ынтымақтастықтағы біздің міндеттерді куәландырамыз. Біз сонымен қатар біздің бірлесе күш сала отырып көмектесуіне үндеуімізбен халықаралық қоғамдастыққа, мемлекеттердің үкіметтеріне және дүниежүзінің барлық халқына өтініш білдіреміз.
І. Тұрақты даму принциптерінің жолын ұстану
Біз тұрақты даму принциптерінің жолын ұстанушылар ретінде мәлімдейміз және осы үшін келесіні әрекет ету керек деп санаймыз:
Тұрақты даму принциптерімен Арал дағдарысын шешу жөнінде көпжылдық стратегиялар мен бағдарламаларды мына жолдармен дамыту және іске асыру қажет:
- тұрақты дамытудың негізі ретінде су, жер, биологиялық ресурстардың мағыналы маңыздылығын тану;
- ауыл және орман шаруашылығы жүйесінде баланс жасау мен ғылыми негіздемеге көшу;
- су ресурстарын пайдаланудың экономикалық әдісін құрастыру, суару және қоршаған ортаны қорғау жаңа технологияларын пайдалану арқылы жер суландырудың (ирригацияның) тиімділігін арттыру;
- жер және су ресурстарын пайдаланудың ұзақ мерзімді түрлерін ынталандыру.
Бір уақытта болашақ ұрпақ үшін келешекте лайықты өмір қамтамасыз ете отырып, адам өмірінің (тұрмысының) дәрежесін төмендетудің болдырмау жолдары:
- адам денсаулығын жақсартуға, тұрмыс дәрежесін көтеруге және мәдени мұраны сақтауға бағытталған бастамалықтарға қолғабыс ету;
Аймақтағы табиғи ресурстарды кешенді басқаруды жетілдіру жолдары:
- қоршаған ортаның, әсіресе су ресурстарының жағдайын қадағалаудың аймақтық жүйесін құру;
- қоршаған орта мониторингі жөнінде ақпаратпен алмасу жүйесін құру;
- экологиялық стандарттарды және оған байланысты заңнамаларды үндестіру.
Біз Орталық Азия мемлекеттері ертеректе қол қойылған және күші бар Арал алқабының су ресурстары бойынша өзара қарым-қатынастарды реттейтін келісімдерді, шарттарды және басқа да құқықтық актілерді мойындаймыз және оларды бұлжытпай орындалуын қабылдаймыз.
ІІ. Халықаралық Конвенциялар мен Келісімдерге қосылуы
Біз өзіміздің халықаралық келісімдерді толығымен қолдайтындығымыз туралы мәлімдейміз, оның ішінде, Тұрақты даму жөніндегі декларация (Рио-де-Жанейро, 1992ж.), Дүниежүзілік табиғат хартиясы, шөлейттенумен күресу жөніндегі, климаттың жаһанды өзгеруі туралы, биологиялық алуантүрлілікті сақтау туралы және трансшекаралық суларды қорғау туралы конвенциялар.
Сонымен қатар, біз Арал теңізі бассейнін тұрақты дамыту жөнінде халықаралық конвенциясын құру қажет деп санаймыз. Бірлесіп суды пайдалану мен экологиялық стандарттарды біріздендіру және оған байланысты заңнамалар онда басымды орын алуы керек. Осыған сәйкес, біз БҰҰ-ның Агенттігіне, алдымен ПРООН-ға ұқсас Конвенция жобасын әзірлеуге көмек көрсетуіне өтініш білдіреміз.
ІІІ. Адамзаттық даму қағидаттарының жолын ұстану
Тұрақты даму концепциясының ажырамас бір бөлігі болып табылатын денсаулықты қорғау және әлеуметтік салалардағы біздің міндеттемелерімізге сенімділік таныта отырып, біз Арал бассейні зонасындағы дағдарыс зардабының кідіріссіз және нақты іс-әрекеттер талап ететіндігін мойындаймыз.
Біз басым сипаттағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға өзіміздің күшімізді және ресурстарымызды бағыттауға уәде береміз, және осы мәселе бойынша халықаралық қоғамдастыққа көмекке және қолдауға ықылас білдіреміз. Біз Арал дағдарысына қатысты халықаралық қоғамдастықтың мәліметтілігін арттыруға ниеттіміз және тұрақты даму процестеріне жәрдемдесу мақсатында ақпаратты дайындау мен таратуға үлкен күш салуға дайынбыз.
Орталық Азияның жас демократиялық мемлекеттерінің өкілдері және осы аймақтағы көмек көрсетуші ұйымдары ретінде олардың алдында тұрған мәселелерді шешуде және экономикалық процестерде біздің халықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын қамтамасыз етуге міндеттеме аламыз.
IV. Аймақтық басқармаларды дамытуға атсалысу.
Біз аймақтық басқармаларға – Арал теңізі бассейнінің мәселелері жөніндегі Мемлекетаралық Кеңеске, оның Атқарушы Комитетіне, Халықаралық Аралды құтқару қорына, оның Атқарушы Дирекциясына жан-жақты көмек көрсететінімізге және сенімімізге дайындығымызды растаймыз. Біз осы аймақтық құрылымдардың болашақта да күшейтілуіне қолдау көрсететінімізге міндеттеме аламыз. Ол үшін:
 Біз осы аймақтық басқармалар қызметін қамтамасыз етуге және олардың мүшелеріне ББҰ-ның өкілдіктерінің қызметкерлерімен бірдей құқықты және иммунитетті беруге байланысты өзіміздің ниеттемелерімізді және қаржылық міндеттемелерімізді растаймыз және тұрақты босатылған Атқарушы Комитетті төрағасының (қазірде жұмыс істейтін өкілеттілік мерзімінің аяқталуы бойынша) болуы қажеттілігі туралы ұсыныспен келісеміз.
 Біз Әлеуметтік-экономикалық дамыту, ғылыми-техникалық және Экономикалық Ынтымақтастық (Тұрақты Даму жөніндегі Комиссия) жөніндегі Мемлекетаралық Комиссияның одан әрі дамуының маңыздылығы мен қажеттілігін мойындаймыз.
Арал теңізі бассейнінің мемлекеттерін тұрақты дамыту жөніндегі БҰҰ-ның Халықаралық конференциясында қабылданған.

Нүкүс, 20-шы қыркүйек 1995 ж.



Алматы декларациясы


Біз ағайынды мемлекеттердің Президенттері – Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы,
 біздің елдердің тәуелсіздігін және егемендігін нығайтуға, біздің халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге деген қозғалыстағы талабымызбен;
 экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық компоненттерінің бірі және Орталық Азия мемлекеттерінің мүдделері мен басымдылықтарын қорғайтын маңызды аспектілерінің бірі болып табылатындығын негізге алып;
 Арал теңізі бассейніндегі экологиялық апаттардың мәселелері жаһанды сипатқа ие екендігін және оларды шешу кейінге қалдыруды күттірмейтіндігін назарға ала отырып;
 Арал аймағындағы қысылтаяң экологиялық жағдайы табиғи орта мекендеушілеріне мен Арал теңізі бассейнінің ғана миллиондаған тұрғындарының тұрмыс деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, біздің планетамыздың басқа да аймақтарына кері әсерін тигізетіндігін ескере отырып;
 өзіміздің қоршаған орта жөніндегі БҰҰ-ның Дүниежүзілік бағдарламасы («ХХІ ғасырдың күн тәртібі») ережелерінің жолын ұстанатындығымызды растай және барынша Орталық Азия мемлекеттерін тұрақты дамыту жөніндегі бірыңғай стратегияны әзірлеу мен жүзеге асыру ұмтылысын қолдай отырып;
 трансшекаралық су ресурстарын басқаруда халықаралық және мемлекетаралық кең көлемді ынтымақтастық бойынша алдында қабылданған міндеттемелерді мойындай отырып, алып келетін өзара шығындарды әділ және парасатты тұрпатта жүзеге асырылатын экожүйелік көзқарасы болуы керектігін тани отырып;
 ядролық қаруды таратпау туралы, Орталық Азия зонасын ядролық қарудан еркіндігін жариялау қажеттілігі туралы Келісімдерге қол қойылған, біздің мемлекеттеріміздің біртұтас пікірімізді білдіре отырып;
 Арал теңізі бассейнінің экологиялық дағдарыс салдарын жеңіп шығу үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға ұмтылуда ауытқымас мақсаттарға сүйене отырып, 1997 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласында өткен кездесуде;
өтініш білдірдік:
1998 жылды – Біріккен Ұлттар Ұйымының қорғау астында Орталық Азия аймағында Қоршаған ортаны қорғау жылы деп жариялансын,
Орталық Азия басқа мемлекеттер аймағымен бірігу үшін ашық, ядросыз зона екендігін жариялау идеясын қолдауға Семей полигонының 50-жылдығы қарсаңында барлық мүдделі мемлекеттерді шақыру,
Арал теңізі бассейінінің, ядролық сынақтардың әсері тиген Семей полигоны аймағындағы және басқа да зоналарда экологиялық жағдайды сауықтыру бойынша, салмақты экономикалық қиындықтарға қарамастан елеулі күш жұмсаудағы Орталық Азия мемлекеттерінің талпынысын атап өту,
Арал проблемасын, Орталық Азияда ядросыз зоналарды және ядролық технологиялар мен шикі заттардың өтуімен күресуді құру қоса, экологиялық қауіпсіздіктің кешенді бағдарламасын әзірлеу қажеттігін мойындау,
Арал теңізі бассейнінде қалыптасқан дағдарыс жағдайына және Арал аймағының мүшкіл тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі шараларға маңызды назар аудара отырып, осы аймақта Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі пәрменді шаралар қабылдауға Біріккен Ұлттар Ұйымын және оның мамандандырылған агенттіктерінің назарларын аударуға шақыру,
халықаралық ұйымдарға және институттарға, олардың нақты іс-шаралары мен басқа да аймақтық жобалар бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерінде қажетті көмек көрсетуге дайындығын растау,
халықаралық ұйымдармен бірлесе Арал теңізі бассейнін тұрақты дамыту жөніндегі конвенция жобасын әзірлеуді аяқтау.

 

1997 жылғы 28-ші ақпан, Алматы.



Обновлено 10.04.2012 17:01